– Информацию вашу персональную, или то, что на вас оформляется какой-то кредит, сообщают только об этом мошенники, т.е. сотрудники банка такую информацию не запрашивают.
Алаяқтар тұрғындарға «жиналған қаражатқа әлдебіреулер қол сұққалы жатыр» деп айтып, ақшаларын басқа шоттарға аударуға мәжбүрлейді. Әбден сенген азаматтардың кейбірі несие алып та, соны белгісіз шотқа жібереді. Өткен жылы облыста 770-тен астам интернет-алаяқтық фактісі тіркелген. 372-сі «банктен қоңырау шалу» әдісі арқылы жасалыпты. Заң бұзатындардың көбісі шекараның арғы жағында отыр. Оларды анықтау оңай шаруа емес.
МИЛЕНА БАЛАЦКАЯ, СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі:
– Халықпен байланысты қолға алдық. Қазір ұйымдарды аралап жүрміз. Бүгін “Қызылжар су” ЖШС келдік. Бұл іс-шаралардың мақсаты – киберқылмыстар санын азайту. Біз адамдарды осындай қауіп туралы хабардар етіп, интернет-алаяқтық фактілерін болдырмауымыз қажет.
Алаяқтар арасында кең таралған тағы бір әдіс – тауарлар мен қызметтер туралы жалған хабарландырулар орналастыру. Олар көбінесе WhatsApp мессенджері арқылы хабарласады.
НҰРГҮЛ САМАЛЫҚОВА, «Қызылжар су» ЖШС бөлім басшысының орынбасары:
– Қазіргі уақытта алаяқтықтың қаупі туралы іс-шаралар өткізу өте пайдалы және қажет деп санаймын. Құқық қорғау органдары өкілдері біздің қызметкерлер үшін дәріс өткізді. Дәрісте көптеген мәселе талқыланды. Бұл маңызды қадам деп ойлаймын.
Полицейлердің айтуынша, бүгінгі таңда бұл мәселе өзектілігін жоймаған. Өңірде жыл басталғалы интернет-алаяқтықтың 23 фактісі тіркеліпті.