МТРА жаңалықтарыСпорт

СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі спорт саласына талдау жүргізуде

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті дене шынықтыру және спорт басқармасының спортты қаржыландыру мәселелері жөніндегі қызметіне сыртқы талдауды бастады. Аналитикалық жұмыс шеңберінде спорттық іс-шараларды, жабдықтарды, спорттық тамақтануды сатып алуды, шетелдік іс-сапарларды ұйымдастыру, сыйақылар, спорт объектілерін салу, сондай-ақ спорт федерациялары мен кәсіби клубтарды ұстауды қамтамасыз ететін бюджеттік және бюджеттен тыс көздер зерделенуде. Осыған байланысты ведомство өңір азаматтарын талдау жүргізуге белсенді қатысуға шақырады. Қазіргі уақытта жұмыс департамент және мүдделі мемлекеттік орган қызметкерлері және азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен жүргізілуде. Егер сізде осы салада жемқорлық туралы ақпарат немесе спортты қаржыландыру саласын жетілдіру бойынша ұсыныстарыңыз болса, оларды «Талдау» белгісімен экранда көрсетілген поштаға немесе 36-24-49 және 70-13-83 телефон нөмірлері бойынша жолдай аласыз.

upd.sko@antikor.gov.kz