2023 жылы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесіп, 15 аса қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті. Бұл жайлы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. Тінту кезінде заңның ала жібін аттаған топтардан оқ ату қаруы, ақшалай заттар, есірткі мен олардың құқыққа қайшы әрекеттерінің өзге де заттай дәлелдемелері алынған. Жалпы, былтыр елімізде кісі өлтіру, тонау, бопсалау, қарақшылық және басқа ауыр қылмыстар жасады деген күдікпен 98 адам ұсталып, олардың 40-ы сотталыпты. Қалғандарына қатысты әлі де сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.