Қоғам

Былтыр елде 313 мыңнан астам адамға отбасының цифрлық картасы арқылы қызмет көрсетілді

Заман игілігінің мүмкіндігі! Былтыр елімізде отбасының цифрлық картасы арқылы 795 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызметтер көрсету үшін SMS-хабарлама жолданған. Нәтижесінде 313 мың отандасымыз өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлемақы алса, 64 мыңнан астам жұмыссыз азамат тегін оқудан өту және жұмыспен қамту саласындағы басқа да мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпаратқа қол жеткізіпті. Бейінді ведомствоның мәліметінше, отбасының цифрлық картасында Қазақстанның 20 млн азаматы немесе 6 млн-нан астам отбасы туралы ақпарат жинақталған. Қоса кетейік, тың жоба арқылы мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқығы бар қазақстандықтарға қандай да бір өтініштерсіз жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 10 түрін ресімдеуге мүмкіндік бар.