Заманауи аппарат кардиологиялық, аритмологиялық, ангиохирургиялық жалпы қан айналым жүйесінің ауруларын емдеуге мүмкіндік береді. Орталық дәрігерлерінің сөзінше, бұл аппаратпен қазір күніне 10-15 адамға ота жасалады. Операция ұзақтығы науқастың диагнозына байланысты. Ең бастысы науқастың денесінің еш жерін кеспейді және наркоз салынбайды.
ДМИТРИЙ ТЕ, Кардиологиялық орталықтың бөлімше меңгерушісі:
– Осындай заманауи құрылғылардың арқасында біздің өңірде инфаркттан қайтыс болу көрсеткіші 2 есеге азайды. Бұл өте жақсы нәтиже. Аппараттардың көмегімен тұрғындарда тегін әрі уақытылы қан айналым жүйесіндегі аурулар анықталады. Жалпы мұндай қан айналым жүйесіне опарацияларды біз 2009 жылдан бері істейміз. Тәжірибеміз бар.
“Aruzion7” ангиографиялық аппаратының тағы бір ерекшелігі – ота кезінде дәрігердің алдында үлкен монитор тұрады. Бұл науқастың әрбір қан тамырын нақты әрі жақыннан көруге мүмкіндік береді. Айта кету керек, мұндай үлкен монитор әзірге тек СҚО крадиология орталығына орнатылған.
АСХАТ МОЛЖІГІТОВ, Кардиологиялық орталық директоры:
– Қазір каронарлық артерияға ота жасалып жатыр. Науқас есін біледі. Дәрігермен кез-келге уақытта сөйлесе алады. Науқастың жасы 87 де. Ангиографиялық аппарат көмегімен науқастың жүрегінің қандай тамыры,қай жерде зақымданғанын біле аламыз.
– В кардиоцентре самая сложная операция какая?
– Замена клапана.
– В год сколько делаете ?
– В прошлом году мы седалали 30 операций замены клапанов.
Айта кетейк, заманауи ангиографиялық аппарат облыстық бюджеттен 710 млн теңгеге сатып алынған. Бұл өңір тұрғындарын басқа қалаға жібермей-ақ өзімізде ауыр оталарды жасауға мүмкіндік береді. Жалпы, қазіргі уақытта өңірде 4 ангиографиялық құрылғы бар.
Гүлден Сембаева