Былтыр теріскейлік учаскелік полиция инспекторлары мыңға тарта қылмысты ашуға көмектескен. Фактілердің 400-ден астамы – ұрлық. Ал денсаулыққа қасақана зиян келтірудің 73 жайты тіркеліп отыр. Оның 33-і ауыр қылмыс саналады. Мамандардың мәліметінше, жағымсыз статистикаға спирттік ішімдіктер көп әсер етеді. Осы себепті облыста заңсыз алкоголь айналымымен күреске басымдық берілген. 2023 жылы учаскелік инспекторлар өңірімізде құрамында спирті бар 12 154 литр өнімді тәркілеп, маскүнемдіктен мәжбүрлеп емделуге 219 адамды жіберіпті. Былтыр Тайынша ауданының тәртіп сақшылары ерекшеленген. Олар 80 қылмысты ашуға ат салысыпты. Бүгінде аймақта 244 учаскелік полиция инспекторы мен олардың 50 көмекшісі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде. Осы күні бұл жандардың есебінде 1 051 адам тұр.
Гүлден Сембаева