Құқық қорғау органдары

СҚО ПД тәлімгерлер кеңесі құрылды

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінде тәлімгерлер кеңесі құрылды. Жаңа орган құрылмас бұрын тәртіп сақшылары ведомство ардагерлерімен кездесу ұйымдастырды. Жиында тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы полиция полковнигі Абылғазы Ғабдуллин жоспарланған жұмыс жайлы баяндады. Осыдан кейін 30 және одан көп уақытын ішкі істер органдарындағы қызметке арнаған отставкадағы офицерлер тәлімгерлер кеңесінің құрамын таңдады. Кеңеске ІІМ құрметті ардагері Хайдар Кәшенов төрағалық етпек. Оның орынбасары болып Қапез Дәулетбаев сайланды. Кездесуге төрағалық еткен департамент бастығы Айдын Қабдұлдинов қатысушыларды құттықтап, жақын арада аумақтық полиция бөліністеріне барудың кестесін құруды тапсырды.

АЙДЫН ҚАБДҰЛДИНОВ, СҚО ПД бастығы:

– Жылдар бойы сақталып келе жатқан игі дәстүрлеріміз бен аға буынның баға жетпес тәжірибесі ішкі істер органдарының кадрлық әлеуетін нығайтуда зор маңызға ие. Жеке құрамның арасында заңдылық пен тәртіпті нығайтуда біздің құрметті ардагерлер басшыларға көмек көрсетіп тұрады, жас қызметкерлерге тәжірибелерімен бөліседі.

 

Байболат Құлтанов