Үкімет отырысында ол соңғы 10 жылда Қазақстанда, ең алдымен, 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылшаның ең үлкен өршуі байқалғанын, олардың көпшілігі вакцинацияланбағанын атап өтті. Премьер халықты қызылшаға қарсы жаппай иммундауды жүргізуге шақырды, оған қосымша 1,5 млн доза вакцина бөлінді. Ол сондай-ақ кейбір өңірлерде иммундаумен қамтудың төмендігі күш-жігерді жандандыруды талап ететінін атап өтті және әкімдіктерді вакцинациямен қамтуды кеңейтуге және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге міндеттеді.
“Денсаулық сақтау министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, әсіресе ауылдық жерлерде вакциналарды сақтау мен тасымалдаудың тиісті режимін қамтамасыз етуі қажет. Осы шарттарды сақтау үшін медицина қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыру қажет. Денсаулық сақтау және ақпарат министрліктері БАҚ-та, әлеуметтік желілерде вакцинопрофилактика бойынша тұрақты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет”, – деп толықтырды А.Смайылов.