Денсаулық сақтау

2024 жылы МӘМС үшін қанша төлейміз?

Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері ұлғайды. Осыған байланысты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жасалатын аударым көлемі де өзгерді. Жаңашылдық жайлы қордың жергілікті филиалы халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің басшысы Қарлығаш Ілиясова баяндады.

ҚАРЛЫҒАШ ІЛИЯСОВА, “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының бөлім басшысы:

– Жұмыс берушілер екі төлем жасайды. Өз есебінен аударымдар ретінде 3 пайыз төлейді. Жұмыс берушілердің тағы бір төлемі бар. Жұмысшылардың жалақысынан 2 пайыз ұстап қалады. Оның сомасы 17 мыңнан аспауы қажет.

Тағы бір өзгеріс бар. Биыл жеке кәсіпкерлер жасайтын аударым көлемі 5950 теңгені құрайды.

ҚАРЛЫҒАШ ІЛИЯСОВА, “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының бөлім басшысы:

– Егер былтырғы жылы кәсіпкердің қарызы болса, былтырғы төлем бойынша қарызды өтейді.

Бұл өзгерістің соңы емес. Біріңғай төлем жасайтындарға қатысты да жаңашылдық бар.

ҚАРЛЫҒАШ ІЛИЯСОВА, “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының бөлім басшысы:

– Біріңғай төлем жасайтындар 4250 теңге қорға аударуы тиіс. Бұл – ең төменгі жалақының 5 пайызы.

Қоса кетейік, еңбек демалысына 56-36 күндеп шығатын мамандардың жарналары мен аударымдары сақтандырылмайды. Төлемдерді екі айға созған жағдайда ғана сақтандырылатын болады.

 

Мәдина Қаби