Қоғам

Жеке тұрғын үйлердің мұржалары тексерілді

Жылыту маусымы басталғалы бері төтенше жағдайлар қызметкерлері тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі шарасын өткізуде. Статистикаға сүйенсек, көбінесе үйлерде қызыл жалын сымдардың қысқа тұйықталуынан, пештердің қысқы кезеңге дұрыс дайындалмауынан бас көтереді. Міне, мамандар осыны анықтап, ақыл-кеңес береді.

БЕКЗАТ СЕРДАЛИНОВ, қалалық ТЖБ инженері:

– Профилактикалық іс-шара кезінде 3 мыңнан астам жеке тұрғын үй қамтылды. Халықтың әлеуметтік осал топтарын назардан тыс қалдырмадық. Бұл жұмыс жылыту маусымы аяқталғанша дейін жалғасады. Шара өңірдегі өрт деңгейін азайтады деген мақсатпен жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, былтыр Петропавлдағы жеке тұрғын үйлерде 128 өрт оқиғасы болды.

Мамандар ақыл-кеңес беріп қана қоймайды. Олар іспен де көмек қолын созады.

Мұржаны тексеріп, тазарту – негізгі міндеттердің бірі. Қала тұрғыны Виктор Барановский бұл іске жыл да назар аударады екен.

ВИКТОР БАРАНОВСКИЙ:

– Төтенше жағдайлар қызметкерлері арнайы келіп, мұржамды тазалап берді. Оларға алғысымды білдіремін. Уланып қалмас үшін осы жұмысты жыл да жүргізіп отыру қажет. Барынша сақтанғанымыз абзал. Апат айтып келмейді.

Жыл басталмай жатып өңіріміздегі жеке тұрғын үйлердің бірінде өрт орын алып үлгерді. Төтенше жағдайлар қызметкерлері халықтан барынша сақтануды сұрайды.

 

Гүлден Сембаева