МТРА жаңалықтары

“СЕВКАЗЭНЕРГО” атқарылған жұмысты қорытындылады

“СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ атқарылған жұмысты қорытындылады. Былтыр “Солтүстік Қазақстан ЭлектрЖелістік Тарату Компаниясы” 8 ауданда 700 км астам электр сымын қалпына келтірген. Ал “Петропавл Жылу Жүйелері” серіктестігі Сәтпаев көшесінде ұзындығы 1 шақырымнан асатын жылу магистралін қайта жаңғырту бойынша жұмысты аяқтады. 2-ЖЭО-да 4 қазандық агрегаты мен 1 турбоагрегаты күрделі жөндеуден өтті. Өзімізге жақсы мәлім, қуат ошағында биіктігі 180 метр болатын түтін мұржасы тұрғызылуы тиіс. Алайда, іс жоспар бойынша атқарылмай жатыр. Қазір мамандар төменгі жағында ауытқу анықталған құбырды бұзуда. Іс іргетасқа дейін жүргізіледі. Наурыздың алғашқы жұлдызында аяқтап, сәуірде құрылысты қайта бастау көзделген.
Алдағы уақытта жаңа мұржаға станциядағы 12 қазандық агрегаттың 7 агрегаты қосылмақ. Қоса кетейік, «СЕВКАЗЭНЕРГО» облыс бойынша 166 мың абонентті электр энергиясымен қамтамасыз етіп отыр.

 

Гүлден Сембаева