Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Egemen Qazaqstan” газетіне берген сұхбатында өткен жылға баға беріп, 2024 жылға қатысты ойын ортаға салғаны баршаға мәлім. Алдағы уақытта біршама істің басын қайыру керек. Соның нәтижесінде 29-шы жылға қарай ұлттық экономиканың көлемін екі есеге арттырып, 450 миллиард долларға жеткізу көзделген. Мақаланы “Қазақстанның болашағы үшін” ҚСБ төрағасы Рүстем Арманов жарияланған күні оқып шығыпты.
РҮСТЕМ АРМАНОВ, “Қазақстанның болашағы үшін” ҚСБ төрағасы:
– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз елімізде болған “Қаңтар оқиғасы” жайлы айтты. Бұл оқиға шынымен де қос биліктің болуынан орын алғанына көз жеткізе аламыз. Одан бөлек, сұхбатта Президенттің саяси көзқарасын да көреміз.
Президент сан ғасырлық тарихымызды зерттеу, тарихи әділдікті қалпына келтіру және оны насихаттау – біздің негізгі міндетіміз екенін тілге тиек етті. Бұл тұс көпшіліктің есінде жақсы сақталған.
РҮСТЕМ АРМАНОВ, “Қазақстанның болашағы үшін” ҚСБ төрағасы:
– Сұхбатта патриотизм туралы да сөз қозғалды. Сол тұсын оқыған кезде менің ойыма бірден “Рухани жаңғыру” бағдарламасы келді. Тоқаев мырза тарихқа тереңірек көңіл бөлуіміз керек деп айта кетті. Біз ұлттық пен ұлтшылдықдың айырмашылығын айқын түсінуіміз керек. Оған дәлел, “Оян, қазақ” фильмі деп ойлаймын.
Сапалы білім беру және ғылымды дамыту. Бұл озық мемлекеттің күн тәртібінде тұрған мәселелер деуге келеді. Өңіріміздегі бірден-бір жоғары оқу орнының деканы – Зәуре Қартова білім саласында айтарлықтай оң өзгерістер бар дейді.
ЗӘУРЕ ҚАРТОВА, М.Қозыбаев атындағы СҚУ тарих, экономика және құқық факультетінің деканы:
– Сұхбатта жайлы мектептер жайлы айтылды. Сонымен қатар, 2023 жылы мұғалімдердің жалақысы көтерілгендігі де тілге тиек етілді. Жоғары білім саласында болып жатқан жағымды өзгерістер сезіліп те жатыр. Оның ішіне М.Қозыбаев атындағы СҚУ-да болған көптеген бастама да кіреді. Білім саласынан бөлек, азаматтық қоғам мен экономиканың дамуы, бюджеттік пен салықтық кодекс пен зорлық-зомбылық жайлы да айтылды. Оның бәрі өзекті.
Жалпы, Президенттің берген көлемді сұхбаты ел тұрғындарының көп сұрағына жауап алып, ой түюіне орасан зор мүмкіндік берді.
Ақжүніс Мұқатай