Қоғам

Жерлесіміз Бәйкен Әшімов жайлы фильм көрерменге жол тартады

ОҢДАСЫН ӘШІМОВ, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі:

– Бұл – 100 жылға жуық ғұмыр. Әкем жер басып жүрген шағында аштықты да, тоқтықты да көрді. Әрине, көпшілік Әшімов өмір бойы басшы болып жұмыс істеді деп ойлайды. Иә, ол жетекшілік қызмет атқарды. Алайда, талай қиындықты, сынақты бастан өткергенін білу қажет.

Бұл – Солтүстік Қазақстан облысының тумасы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бәйкен Әшімов жайлы түсірілген фильмен үзінді. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Министрлер Кеңесінің төрағасы 90 жылдан аса ғұмыр кешті. Оның өмірін ұлы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Оңдасын Әшімов бастан-аяқ баяндайды. Туған жері, жастық шағы, жанұясы мен еңбек жолы. Бәріне қатысты дерек туындыда бар.

ОҢДАСЫН ӘШІМОВ, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі:

– Әкем қайтыс болғаннан кейін халық оған ерекше құрмет көрсетті. Петропавлда қоладан бюст жасалды. Бұл – оның туған жері. Бәйкен Әшімұлы бүгінгі Петропавл теміржол көлігі колледжінде еңбек еткен. Қазір аталған білім ұясы әкемнің атында. Ол Покровкадағы техникумда оқыды. Сол жерде ескерткіш тақта ашылды. Бірқатар қаладағы көшелер мен ықшам аудандарға және Алматыдағы мешітке әкемнің есімі берілген. Оның еңбегін ел біледі, мемлекет жоғары бағалайды.

Жерлесіміз Бәйкен Әшімов жайлы фильм қаңтардың 7-сі күні 18:30-да МТРК арнасы арқылы көрерменге жол тартады.

 

Байболат Құлтанов