ТЖ

СҚО-да бес адам опат бола жаздады

СҚО-да бес адам опат бола жаздады! Кеше тапа-тал түсте Мамлют ауданының Меңкесер ауылындағы жеке тұрғын үйде газ қоспасы жарылды. Жарылыстың қатты болғаны сонша, баспананың қабырғасы мен төбесі зақымданды. Абырой болғанда, от бас көтерген жоқ. Алайда, 5 бірдей адамды термиялық күйік алып, ауруханаға жатқызылды. Олардың біреуі – кәмелет жасына толмаған қыз бала. Облыстық ТЖД газ баллондарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережесін мүлтіксіз сақтау қажеттігін еске салады.

 

Ақжүніс Мұқатай