МТРА жаңалықтарыҚоғам

Сертификатталмаған пиротехниканы анықтау бойынша рейд қорытындысы

Өңір полицейлері сертификатталмаған пиротехниканы анықтау мақсатында ұйымдастырған рейд қорытындысын шығарды. Республикалық жедел алдын алу іс-шарасы 10 күнге созылды. Оның аясында 300-ден астам қызметкер сату орындарын аралап, тексеру жұмысын жүргізді. Нәтижесінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 196-бабы бойынша 19 құқық бұзушылық анықталды және заңсыз 986 өнім тәркіленді. Абырой болғанда, облыс тұрғындарының, соның ішінде кәмелетке толмаған балалардың медициналық мекемелерге жүгіну фактілері тіркелмеді.

 

Байболат Құлтанов