Қазақстан жаңалықтары

Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы шаралардың тиімділігі артып келеді

Елордада тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шараларды талқылау тақырыбында брифинг өтті. 2023 жылдың өткен кезеңінде тұрмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қайталануын болдырмау мақсатында сотта 6 595 әкімшілік іс қаралғаны хабарланды. Үй  жанжалқойларына қатысты 9 090 қорғау ұйғарымы шығарылды, сот құқық бұзушының мінез-құлқына 582 ерекше талап қойды.

“Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелерінің қызметкерлері оларға қатысты “қорғау нұсқамасы” шығарылған адамдарды бақылау практикасын енгізді. Учаскелік инспекторлар пилоттық “өмірлік қиын жағдайдағы адамдар мен отбасыларды қолдаудың интеграциялық орталығымен” ынтымақтастық кезеңінде мамандармен бірлесіп 5 отбасына әлеуметтік-құқықтық және психологиялық сипаттағы көмек көрсетті. Сонымен қатар, пилоттық режимде “ODARA”жүйесі бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық тәуекелдерін бағалаудың халықаралық құралы енгізілді. Оның көмегімен тұрмыстық салада құқық бұзушылықтар жасауға ықтимал бейім адамдар анықталады, онда агрессорлармен жұмыс ҮЕҰ психологтарын тарта отырып жүргізіледі”, — деді Астана ПД әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция капитаны Әйгерім Даркембаева.