Қоғам

«Қалалық қызметтер порталы» ақпараттық жүйесінің артықшылықтары

«Қалалық қызметтер порталы» ақпараттық жүйесі. Петропавлда бұл жаңашылдықтың танымалдылығы күннен-күнге артып келеді. Тың туынды қашықтықтан алынатын 37 қызмет түрін қамтиды. Қуантатын тағы бір жайт, келешекте тізім толықпақ.

АЗАМАТ БАЙТЕМІРОВ, СҚО цифрлық технологиялар басқармасының басшысы:

– Порталда халыққа қажетті деген қызметтер бар. Мысалы, сіз басқа үйге көштіңіз делік. Мұндай жағдайда әрбір адамға дербес шот ашу керек. Енді бұл істі осы ақпараттық жүйе арқылы тындыруға болады. Үйді атыңызға аудару, салынған айыппұлмен танысу. Мұның барлығы порталда бар.

Порталға оп-оңай кіруге болады. Қызметтерді алу да айтарлықтай қиындық тудырмайды. Айта кететін жайт, қазір ақпараттық жүйе Астана, Атырау және Қостанай сынды қалаларда бар.

АЗАМАТ БАЙТЕМІРОВ, СҚО цифрлық технологиялар басқармасының басшысы:

– Егер дұрыс қолдану білмесеңіз немесе басқа да кедергілерге тап болсаңыз, қалалық әкімдікке жүгіне аласыздар. Мамандар барлығын көрсетеді, үйретеді. Оның барлығын қадағалап отырасыздар.

Порталға қазір-ақ кіруге болады. Ол үшін sko.kyzmet.kz. сайтына өту керек.