Қоғам

Қала тұрғынының құқығы қорғалды

Өткен жылдың қазан айында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша департаментіне шаһар тұрғынынан шағым түскен. Жерлесіміз тұрғын үйді жекешелендіре алмай жүріпті. Бұған себеп – жолданған өтінішті қалалық әкімдікке қарасты бейінді бөлімнің дер кезінде қарамауы. Депертамент өкілдері жоспардан тыс тексеріс жүргізеді. Сол кезде қызылжарлықтың құқығы өрескел бұзылғандығы анықталады. 30 күн ішінде қаралуы тиіс өтініш 6 ай сол күйі жатыпты.

НҰРГҮЛ ЖАНМУРЗИНА, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша департаменті басқармасының бас маманы:

– Өтініште көрсетілген дәлелдер расталды. Яғни, азаматтардың өтінімін қарау мерзімдері мен қызмет көрсету тәртібі бұзылды. Шағымды қарау нәтижесінде тұрғын үйді жекешелендіру комиссиясында өтінім қаралды. Оң шешім қабылданды.

 

Мәдина Қаби