Православ сеніміндегі христиандар өздерінің басты мейрамдарының біріне дайындалып жатыр. Олар қаңтардың 7-ші жұлдызында қасиетті Рождество Христово мерекесін атап өтпек. Діни жоралғыларға сенсек, бұл күні Иса Пайғамбар дүниеге келген. Осыған орай жаратқанға мінәжат етіледі. Мейрамда адамзат баласының жаны тазарып, келешекке деген үміті артады деген сенім бар. 6 қаңтар да православтар үшін ерекше маңызға ие. Рождество алдындағы кеш Сочельник деп аталады. Осы күні шіркеулерде құдайға табыну салтанаты өткізіледі.
Байболат Құлтанов