Желтоқсанның 25-і күні Петропавлда «Қалалық қызметтер порталы» ақпараттық жүйесі іске қосылды. Оны электронды цифрлық қолтаңбасы бар тұрғындар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бағытындағы қызметтерді алу мақсатында пайдалана алады. Портал арқылы қашықтықтан жеке есепшот ашуға, пәтерде тұратын адамдардың санын өзгертуге, электр энергиясы мен басқа да қызметтер үшін берешек бар-жоғын анықтауға мүмкіндік бар. Қоса кеткен жөн, коммуналдық кәсіпорындар көрсететін қызметтердің толық тізімімен sqoqyzmet.kz сайты арқылы танысуға болады.
Гүлден Сембаева