Қоғам

Патрульдік полиция батальоны қызметкерінің жұмысы

Табельдік қару, шағылыстыратын элементтері бар киім, қызметтік таяқ және алдағы 12 сағат ішінде жұмыс істейтін бейнежетон. СҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкері Руслан Ғалиев кезекшілікке кірісуге дайын. “Челябі-Новосібір” трассасының қала маңындағы учаскесі – көлік ең көп жүретін облыстағы жолдардың бірі. Тиісінше, назар аударуды талап етеді.

– Интенсивность движения очень большая. Через каждые там полчаса, к примеру, я должен доложиться в д/ч о том, что на трассе «Челябинск – Новосибирск» обстановка норма.

Қала маңындағы жолдарда жүргізушілер жылдамдықты сақтамайды. Осылайша, олар өзінің және өзгенің өміріне қауіп төндіреді. Артта қалған 12 айдың ішінде өңірдегі республикалық маңызы бар автожолдарда 32 451 бұзушылық тіркеліпті. Әрбір үшіншісі – жылдамдықты асыру.

– Если где-то увидел брошенный, стоящий транспорт, допустим, подъезжаю, узнаю, в чём проблема, не замёрзли они там, какая-то помощь нужна, не нужна? 

Жеңіл көліктің жүргізушісі демалу үшін тоқтапты, алаңдауға негіз жоқ. Руслан енді жол жиегінде тұрған ауыр жүк көлігін тексеруде. Мұнда да бәрі жақсы. Тізгіндегі адам түстену үшін тежегішті басқан екен.

– У вас всё нормально? Ничего, не сломались? – Рахмет, всё нормально. Счастливого пути, смотрите, гололёд на трассе. – Да, 60-50 еду.

Ішімдік ішіп, тізгінге жармасатындар әлі де бар. Мысалы, өңір полицейлері 12 айда 203 мас жүргізушіні тоқтатыпты. Тәртіп сақшылары атап өткендей, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау ғана сапардың қауіпсіздігіне кепілдік береді.

– Всем водителям хочу сказать, что в ночное время надо ехать по-тихому. Сейчас вот по трассе очень много косуль, они выбегают, происходят ДТП.

Руслан Ғалиев 2009 жылдан бері қызмет етеді. Тәжірибелі маман жалпыға ортақ тәртіптің сақталуын қадағалау – негізгі міндетім деп біледі.

 

Байболат Құлтанов