Қоғам

Қаңтар қандай болмақ?

МАДИНА ҚАБИ, тілші:

– Жақында ғана аяқталған желтоқсан айы жұртшылықтың есінде жақсы сақталуы тиіс. Басында қыс қаһарына мінді. Ал соңына таман ауа райы оң қабақ танытты. Тіпті, тура көктемдегідей тамшы ағып, өңір тұрғындарын таң қалдырды. Қаңтар қандай болмақ? Бұл сұрақты синоптик мамандарға қойдық.

Бірінші тоқсанда ауа райы құбылады. Сынап бағанасы күндіз қалыпты температураны көрсетсе, түнде минус 30 градусқа дейін төмендеуі ықтимал. Ал екінші онкүндікте күн сәл болса да жылынады.

ГҮЛЗАТ ҒАЗИЗОВА, “Қазгидромет” РММ СҚОФ бөлім басшысы:

– Екінші онкүндікте ауа температурасаның түнде 5-10 градус аяздан 5-20 градус аязға дейін, күндіз 0-5 градус аяздан 5-10 градус аязға дейін ауытқуы болжанады.

Үшінші тоқсанда да ауа райы құбылмақ. Алайда, 30 градустық аяздар болмайды. Есесіне, қар көп түсуі мүмкін.

ГҮЛЗАТ ҒАЗИЗОВА, “Қазгидромет” РММ СҚОФ бөлім басшысы:

Бір айда жауын-шашын мөлшері нормадан көп болады деп күтілуде. Норма – 12-25 мм.

Петропавлдықтар көктемді сағынған сияқты. Тілдескен тұрғындардың бәрі күннің жылынғанын қалайды.

– Бүгін күн тамаша. Өзіме осындай ауа-райы ұнайды. Алдағы уақытта да бүгінгідей болса екен.
– Ауа райы түсініксіз. Екі күн аяз болса, екі күн жылы болады. Бірақ, халықтың айтуы бойынша қаңтар айы жылы болады.

Тарихи ақпарға сүйенсек, өңірімізде ең суық қаңтар 1940 жылы тіркеліпті. Ал ең жоғары температура 48 жылы тіркелген. Онда сынап бағанасы 4,5 градусқа дейін көтерілген екен.

 

Мәдина Қаби