МТРА жаңалықтарыДенсаулық сақтау

2024 жылға қалай сақтандырылуға болады?

Ең төменгі жалақы мөлшерінің өзгеруіне байланысты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша жарналар мен аударымдардың мөлшерлері түзетіледі. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебеңізді өзгерту үшін өткен немесе алдағы 12 айға жарна аударылуы керек. 2023 жылы жарна 42 мың теңгені құрады. Ал биыл көрсеткіш 51 мыңға жетіп отыр. Сақтандыру мәртебесін келесі жолдармен тексеруге болады:

•qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
• fms.kz ресми сайты
• Telegram-дағы @SaqtandyrýBot
• 1414 байланыс орталығы
• Damumed мобильді қосымшасы
• Halyk мобильді қосымшасы
• BCC.KZ мобильді қосымшасы
• Kaspi.kz мобильді қосымшасы
• egov.kz электрондық үкімет сайты

 

Ақжүніс Мұқатай