ТЖ

Бақташығы іздеу салынып, жеделсатыда қамалған тұрғындарға көмек көрсетілді

Мереке күндері өңір құтқарушылары бел жазбай еңбек етті. Қаңтардың алғашқы жұлдызына қараған түні М. Жұмабаев ауданының орталығы Булаево қаласында 5 қабатты тұрғын үйдің 3-ші қабатындағы балкон жанды. Қызыл жалын сөндірілмеген темекі тұқылынан бас көтерген. Оқиға орнына жедел жеткен мамандар 6 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Ал дәл жаңа жыл қарсаңында Тайынша ауданында 45 жастағы бақташы жоғалды. Ол үйір жылқыны іздеп шығып, өзі жолдан жаңалыпты. Абырой болғанда, азамат дін аман табылды. Петропавлдағы жағдаймен де бөлісейік. Облыс орталығында 8 адам, оның ішінде 6 бала жеделсатыда қамалып қалды. Құтқарушылар Ақжар және Мамлют ауданының тұрғындарына да көмектесті. Олар мінген көліктер көктайғаққа байланысты жолдың шетіне шығып кетіпті. Жерлестерімізге дәрігерлердің жәрдемі қажет болмаған.