Солтүстік Қазақстан облысында жол-көлік апаты салдарынан 2 адам ажал құшты. Қайғылы жайт республикалық маңызға ие «Жезқазған-Петропавл» трассасында тіркелді. Сергеевка қаласынан Петропавлға келе жатқан «Mercedes-benz» көлігінің жүргізушісі көктайғақтың салдарынан тізгінге ие бола алмай «КАМАЗ»-ға соғылған. Соққыдан жеңіл темір тұлпардағы 4 адам зардап шегеді. Олардың бәрі шұғыл түрде ауруханаға жеткізілгенімен екеуі есін жимастан көз жұмады. Жантүршігерлік факт бойынша сараптама тағайындалып, тексеру жұмысы басталды.
Байболат Құлтанов