Мемлекеттік корпорация халыққа қызмет көрсету орталықтарын жаңғырту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Мәселен, Петропавл мен Қызылжар ауданына қарасты Бескөл ауылында жаңа цифрлық кеңселер ашылды. Мекемелерді толығымен жөндеу жұмыстары жүргізіліп, заманауи үлгідегі техникалар мен жиһаздар әкелінген. Клиенттерге ыңғайлы болу үшін ресепшн, құжат ұсыну, кеңес беру, өзіне-өзі қызмет көрсету кеңселері түрлі түсті аймақтарға бөлініпті. Бұдан бөлек, келушілер «байланыс және ену» аймағында оператордың көмегінсіз-ақ кез келген қажетті мемлекеттік қызметті өздігінен ала алады. Бүгінде облыста 3 бірдей ХҚКО жаңғыртылды. Бұрын қос мекеме қызмет көрсетудің жаңа форматына көшкен болатын. Осы орайда айта кетейік, Жаңа жыл мерекесіне байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтары қаңтардың 1-і мен 2-сі күндері жұмыс істемейді. Әдеттегі кесте бойынша жұмысқа 3-ші қаңтардан бастап кіріседі.
Ақжүніс Мұқатай