Қоғам

Полиция департаментінде 15 маман марапатталды

– Встретить год Дракона достойно и красиво! С Новым годом, с новым счастьем!

Облыс орталығында 15 қызметкер алғыс хатпен марапатталды. Полицейлер күні-түні қоғам тыныштығын қадағалап, демалыссыз қызмет атқарады. Мереке күндері әдеттегідей күшейтілген түрде жұмыс істейді. Мереке қарсаңында СҚО ПД-нің бастығы Айдын Қабдұлдинов тәртіп сақшыларын алдағы келе жатқан мерекемен құттықтады.

АЙДЫН ҚАБДҰЛДИНОВ, СҚО ПД бастығы:

– Құрметті әріптестер, Жаңа жыл болашаққа үміт, жаңа мүмкіндіктерге сенім ұялатып, жаңа бастамаларға жарқын келешек сыйлайды. Келер жылымыз игі жаңалықтармен, ырыс-берекесімен, мол қуаныштарымен төрімізден орын алсын. Әрбір игі істермен жаңа бастамаларыңызға сәттілік, отбасыларыңызға баянды бақыт тілеймін. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

 

Гүлден Сембаева