Құқық қорғау органдары

Облыста жыл басынан бері 272 есірткі құқық бұзушылық анықталды

Облыста жыл басынан бері 270-тен астам есірткі құқық бұзушылық анықталды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 30 фактіге көп. Оның ішінде 115 есірткі өткізу фактісі және аса ірі мөлшерде сақтаудың 9 фактісі тіркелді. Биыл өңірде салмағы шамамен 600 кг құрайтын есірткінің ең үлкен партиясы тәркіленді. Оның 20 кг – гашиш, ал қалғаны – марихуана. Сондай-ақ, жыл басынан бері 3 фитолаборатория және зиянды зат өндіретін 1 нарколаборатория анықталған.

 

Гүлден Сембаева