Қоғам

Полицейлер жүргізушілерді Жаңа жылмен құттықтады

Аяз ата мен Ақшақар кейпіндегі тәртіп сақшылары. Полиция қызметкерлері кезекті рейдтерін жаңажылдық леппен өткізді.
Жолда әрі Аяз ата болып, әрі ала таяқтың орнына сиқырлы таяқпен тоқтатқан жандарға қарап көлік жүргізушілері таңданыстарын жасырмапты. Көлікті тоқтатуға жолда жүру ережесін түсіндіру себеп болып отыр. Өйткені, көңілге қаяу түсіретін статистика көлемі аз емес. Өз кезегінде азаматтар рейдтің ерекшелігін атап өтіп, қауіпсіздік ережелерін бұзбауға уәде берді.

 

Гүлден Сембаева