МТРА жаңалықтары

“Пиротехника” жедел-алдын алу шарасы

Жаңа жылдың сәнін келтіретін бенгал оты, отшашулар бұрыс болса, керісінше көркін қашырып жібереді. Тіпті, адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Жарқылдақ дүниенің дұрысын алғыңыз келсе сатушыдан құжатын сұрату керек. Ол біреуінде бар, біреуінде жоқ. Оған тәртіп сақшылары арнайы жүргізген рейд барысында көз жеткізді.

ЕРБОЛАТ ҚАБЫРОВ, СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы:

– Солтүстік Қазақстан облысы аумағында 2023 жылғы 25 желтоқсан мен 2024 жылғы 3 қаңтар аралығында «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Оның мақсаты – пиротехникалық өнімдердің айналымын бақылауға алу.

Мамандардың айтуынша қалада сертификатталған пиротехникалық тауар сататын 2-ақ орын бар екен. “Пиротехника” жедел-алдын алу шарасы барысында полицейлер 3 бұзушылық анықтап, заңсыз сатылған 100 пиротехникалық дүние тәркілеп алды.

 

Гүлден Сембаева