Отбасы үлгісіндегі балалар ауылында 7 жастан 18 жасқа дейінгі 40-қа жуық бала тұрады. Мұндағы тәрбиешілер оларға ана орнына ана болып отыр. Жақында үйлердегі жиһаздар жаңасына ауыстырылды. Бұл жерде балалардың сүйікті ісімен айналысуға барлық жағдай жасалған.
ОЛЕГ ЛЕОНТЬЕВ, отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушісі:
– Мен баскетболды жақсы көремін. Бұл спорт түрімен айналысып жүргеніме – 2 жыл. Өткенде біз Алматыда өткен сайысқа қатысып жақсы нәтижелерге қол жеткіздік.
Өңір басшысы балаларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
– Мен сіздерді келер Жаңа жылмен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық тілеймін. Ең бастысы, сабақтарыңызды жақсы оқыңыздар. Барлықтарыңыздың арман-мақстаттарыңызға жетулеріңізге тілектеспін.
Кездесу барысында балалар Ғауез Торсанұлына өздерінің жаңажылдық костюмдерін көрсетті.
Балалар келер жылға қойған жоспарлары және мақсаттары жайлы айтты. Әңгіме барысында олар Ғауез Торсанұлының балалық арманы туралы да сұрап білді. Облыс әкімі құр қол келген жоқ. Ол мұндағы әр балаға велосипед сыйлады және фортепиано тарту етті.
«QYZYLJAR» телеарнасы