Қоғам

Мемлекеттік бастама кәсіпті кеңейтуге жол ашпақ

Мемлекеттік бастама кәсіпті кеңейтуге жол ашпақ! Мамлют ауданының тұрғыны Александр Беккель «Жер аманаты» бағдарламасы бойынша 86 гектар жайылымдық және шабындық жерге қол жеткізді. 30 бас Қамбар ата төлін ұстайтын азамат енді ірі қара мен қой өсіруді де жоспарлап отыр. Жалпы, биыл Мамлют ауданы бойынша 1500 гектарды мемлекет меншігіне қайтару міндеті қойылған. Іске білек сыбана кіріскен мамандар жоспарды асыра орындапты. Барлық учаске «Жер аманаты» бағдарламасы бойынша байқауға қойылған екен. Бірсыпыра нәтиже мәлім. Бүгінгі таңда 10 лот ойнатылып, мал шаруашылығымен айналысатын адамдарға 1507 гектар жер берілген.

 

Байболат Құлтанов