Қоғам

Қазақстанда азық-түлік инфляциясы төмендеді

Келісіп пішкен тон келте болмас! 11 айда елдегі азық-түлік инфляциясы 8,9 пайыздан 7,5 пайызға төмендеген. Үкіметте өткен кеңесте Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин өңірлердің, салалық министрліктер мен ұйымдардың басшыларына жақсы нәтиже көрсеткені үшін алғыс білдіріп, келесі жылдың негізгі міндеті – жылдық инфляция деңгейін одан әрі төмендету екенін атап өтті.

СЕРІК ЖҰМАНҒАРИН, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

– Барлық облыстар өздерінде өндірілген өнім түрлерімен толық қамтылуы қажет. Мысалы, Жамбыл облысы пиязбен, Түркістан облысы қырыққабатпен, Қызылорда облысы күрішпен, ШҚО күнбағыс майымен қамтылуы керек. Сондай-ақ, барлық өңірді аталған өнім түрлерімен барынша қамтамасыз ету қажет. Биыл біз облыстар арасында көкөністер мен өнімдерді жеткізу бойынша тиімді байланыстарды жолға қойдық, оларды одан әрі нығайту қажет. Қаңтар айында қорытынды кеңес өткіземіз, онда АШМ қалыптасқан қорларды броньнан алып тастауды бастау бойынша болжамдар ұсынуы тиіс.

 

Байболат Құлтанов