“Шырша”. Полиция қызметкерлері өңірде осындай атаумен жедел-алдын алу шарасын өткізіп жатыр. Мақсат – қылқанжапырақтыларды заңсыз кесу және сату жағдайларын анықтау. Мамандар бір апта ішінде 15 бұзушылық анықтаған. Көп жағдайда сатушылардың тиісті құжаттары болмаған. Еске сала кетейік, адам бір шырша кесіп алса әжептәуір айыппұл төлейді. Мемлекетке келтірілген шығын 100 АЕК-ден асса, қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Өңірде биыл ағаш атаулыны заңсыз кесу, зақымдау фактілері бойынша 3 қылмыстық іс қозғалған екен. Бұл рейд желтоқсанның 31-іне дейін жалғасады.
– В Казахстане нельзя рубить, нет, это завезено из России, Свердловская область. Оттуда привезли, документы – всё в порядке.
Еркем Галиуллина, СҚО ПД табиғатты қорғау полициясының инспекторы:
– Полиция департаменті табиғатты қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлесіп жас қылқан жапырақты ағаштарды сату орындары бойынша рейдтік іс-шаралар өткізіп жатыр. Осындай ағаш түрлерін сату орындарын тексеру кезінде тауардың қайдан әкелінгені, карантиндік сертификаттың бар болуы және сатуға рұқсаты болуы тексеріледі.