Елімізде “Жеке тұлғалардың банкроттығы” туралы заң іске асырылып жатқандығын еске сала кетейік. Наурыздан бастап күшіне енген заңда жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерінің 3 түрі қарастырылған: соттан тыс, сотпен және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Заң күшіне енгелі Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына 609 өтініш келіп түскен. Оның жартысынан көбі талапқа сәйкес келмегендіктен мақұлданбаған. Мамандардың айтуынша өтінім білдіргендердің басым көпшілігі – ер адамдар.
ОКСАНА КРАДЕНОВА, Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары:
– Қалалық мемлекеттік кірістер басқармасына келіп түскен өтініштер бойынша 87,6 млн теңгеден астам берешегі бар 78 азамат банкрот деп танылды. Ал 46 адамға қатысты банкроттық рәсім әлі жүргізілуде. Себебі, соттан тыс жасалатын іс 6 айға созылады. Айта кетейік, қаралған өтініштердегі ең көп сома 5 349 150 теңгені құрайды, ал ең азы 26 000 теңге. Жас бойынша ең үлкені 69-да болса, ең жасы 30-да.
Ақжүніс Мұқатай