22 желтоқсан – Энергетиктер күні. Нақтырақ айтқанда, еліміздің энергетикалық кешенін құруға және қызмет көрсетуге өз өмірін арнаған жандардың мерекесі. Айтулы күнге орай Жастар сарайының қабырғасында салтанатты шара өтті. Кәсіби мерекеге арналған жиынға осы салада 8 жылдық өтілі бар Екатерина Марченко да келіпті. Ұлты орыс болса да қазақ тіліне судай экономист кезінде оқу орнын қазақ тілі мұғалімі мамандығы бойынша аяқтапты.
ЕКАТЕРИНА МАРЧЕНКО, “Севказэнерго” АҚ еңбек жөніндегі жетекші экономисі:
– Бұл саладағы жұмыс оңай деп айтпас едім. Себебі, біз халықты энергиямен қамтамасыз етеміз. Өте үлкен жауапкершілікті талап етеді.
Салтанатты шараның кезегі марапаттау рәсіміне де келіп жетті. Сала мамандары Энергетика министрлігі, Қазақстандық электроэнергетикалық қауымдастық пен облыс әкімінің Құрмет грамотасы және алғыс хаттарына ие болды. Құрметті еңбек демалысына шыққан майталман қызметкерлерге “Ардагер энергетик” төсбелгісі табыс етілді. Ал “Петропавл жылу желілері” серіктестігі бас директорының міндетін атқарушы Виталий Холоша “Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін” медалімен марапатталды.
ВИТАЛИЙ ХОЛОША, “Петропавл жылу желілері” ЖШС бас директорының міндетін атқарушы:
– Мен энергетика саласына 2009 жылы келдім. Оған дейін М.Қозыбаев атындағы СҚУ-да электроэнергетика бойынша инженер мамандығына оқыдым. Алғашқы лауазымдық міндетім берілетін жылудың қысымы мен температурын бақылау болатын. Одан кейін тәжірибе жинақтап, жұмысыма үңіле түстім. Жалпы, бұл салада жұмыс істеу үшін сабырлық пен жауапкершілік аса қажет.
Жалпы, бүгінгі жиынға 500-ге жуық энергетик қатысты. Оның 48-інің аты аталып, ерекше құрметке бөленді. Шара әрі қарай концерттік бағдарламамен жалғасты.
Ақжүніс Мұқатай