Қоғам

Еріктілер акциясы

«Көмек жақын» тобының еріктілері қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлауда. Жастар “Радуга” серіктестігімен бірлесіп “Ертегі сыйлайтын уақыт” акциясы аясында петропавлдықтарға тәтті тағам таратты. Бастаманың шарты қарапайым: кездескен адамға сұрақ қойылады, дұрыс жауап бергендерге тәтті тарту етіледі. Аяз ата және Ақшақар кейпіндегі жандармен көпшілік суретке де түсе алады. Жыл сайын өткізілетін шара желтоқсанның 31-ші жұлдызына дейін жалғасады.

ДАМИР ӘБДИН, «Көмек жақын» еріктілер тобының жетекшісі:

– Біз бұл акция барысында кездескен адамдарға сұрақтар қоямыз. Кейбірі дұрыс жауап береді. Мүдіріп жатқандар да бар. Халық белсенді. Кездескендердің арасында өнерлерін ортаға салғандар да болды. Осы акция арқылы қала тұрғындарына жаңажылдық көңіл-күй сыйлағымыз келеді.

 

Мәдина Қаби