Денсаулық сақтау

“Береке” ықшам ауданында жаңа емхана ашылады

“Береке” ықшам ауданында ақ түйенің қарны жарылды. Мұнда заманауи емхана жұмысын бастайды. Бір ауысымда 250 адамды қабылдауға қауқарлы медициналық нысанмен аймақ басшысының орынбасары Рүстем Құрманов пен қала әкімі Серік Мұхамедиев танысты. Ғимарат заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Яғни, бұған дейін орталыққа қатынап келген халыққа таяқ тастам жерде сапалы көмек көрсетіледі. Жоспар бойынша “Берекеде” 30 дәрігер еңбек етеді.

НҰРЖАН ТАҒАНИЯЗОВ, СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

– Бұл емханада 15 мыңға жуық адам көмек алады. Халыққа өте ыңғайлы. Бұған дейін мұнда дәл осындай емхана болмады.

 

Гүлден Сембаева