Мәдениет

Жерлесіміз Ермек Қонарбаевтың туғанына – 85 жыл

Қазақ КСР ағарту ісінің үздігі Ермек Қонарбаев – Шал ақын ауданындағы Көктерек ауылының тумасы. Дүниеге келгеніне биыл 85 жыл толып отыр. Осыған орай облыстық кітапханада еске алу кеші өтті. Жиынға ұлағатты ұстаздың ұрпағы, зиялы қауым өкілдері мен жастар қатысты. Жібек Ғаббасова – Ермек Қонарбаевтың шәкірттерінің бірі. Айтуынша, ұстазы қазақ тілін терең оқытып қана қоймай, өнерге баулыған.

ЖІБЕК ҒАББАСОВА, шәкірті:

– Ол кісі өте ақжарқын, жуас және білімді болған. Барлық жағынан да өнерлі. Өнер десе өнері бар, домбыра да тартатын, баянда да ойнайтын.

Ермек Қонарбаевтың өмірі қамшының сабындай қысқа болды. Небәрі 50 жыл өмір сүрген. Ұлағатты ұстаз көпке үлгі болды, көп шәкірт тәрбиеледі, бірнеше кітап жазып қалдырған. Ауыл тақырыбына баса мән берген екен.

ӘЗКЕН САДЫҚОВА, қарындасы:

– Үш кітабы бар, кішкентай жинақтарын жарыққа шығарды. Өзі дүниеден өткеннен кейін жеңгем қалып қойған. «Қас қағым сәт» деген повесін жарыққа шығарды. Ең маңызды тақырыбы – ауыл. Ауыл өмірі. Мен оны оқығанда өзіміздің тұрған ауыл адамдарын еске аламын.

Ермек Қонарбаев зайыбымен бірге 4 бала тәрбиелеген.

 

Мәдина Қаби