Қазақстанда сұйытылған газды экспорттауға тыйым салынды. Енді оны көлікпен не болмаса теміржол арқылы тасымалдауға болмайды. Бұл заң – ел ішіндегі сұйытылған газ тапшылығының алдын алу үшін бекітіліп отыр. Осы мақсатта өңір полицейлері 1 аптадан бері облыстық маңызы бар автожолдарда рейдтік іс-шара жүргізуде.
МЕДЕТ МЫРЗАҒАЛИЕВ, СҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясының бас маманы:
– Қазіргі таңда ҚР-да, ҚР-ның ішінен сырт жаққа газ экспорттауға тыйым салынады. Сол себепті, осы жергілікті полиция бөлімімен бірлесіп жұмыс істеудеміз. Заң бұзушылық фактілері табылған жоқ. Тексеру жалғасуда. Барлық жүк көліктерін тексеріп жатырмыз.
Сонымен қатар, тәртіп сақшылары ауыр жүк көлігін заңсыз жолмен қайта жабдықтауды да тексеруде. Себебі, қозғалтқышы үлкен көлік жүргізушілері көбінесе автогаз қолданады. Тәртіп сақшылары қайта жабдықтау процедурасы тиісті рұқсат болған жағдайда ғана мүмкін екенін еске салады.
АСҚАР СЕРДАЛИНОВ, СҚО ПД ППБ қызметінің аға инспекторы:
– Сұйытылған газды заңсыз әкетуге жол бермеу, сондай-ақ, тиісті рұқсатсыз қосымша газ жабдықты орнату фактілерін анықтау мақсатында көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлерімен бірге рейдтік іс-шаралар өткізілуде. Бұл рейдтік іс-шаралар ұдайы негізде өткізілетін болады.
Айта кетейік, өңірде биыл көлігін заңсыз қайта жабдықтағаны үшін 198 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ақжүніс Мұқатай