Мәдениет

Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжінде шеберлік сағаты өтті

Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі-өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернатында көрнекті суретшілердің шеберлік сағаты өтті. Шара барысында өнертану ғылымының докторы, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Қорлан Қалиламбекова
мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор, Азамат Желтұрғызов дәріс оқыды.

ГАЛИНА РЫЖИК, «Өнер колледжі-өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернаты» кешені директорының орынбасары:

– Шеберлік сағаты форматында өткен кездесудің шығармашылық кәсіп меңгеріп жатқан жастар үшін пайдасы мол. Біз пікір алмасамыз, білмегенімізді үйренеміз. Тыңдаушы қауым жаңа әдістермен танысады.

 

Мәдина Қаби