Құқық қорғау органдары

Петропавлда қыз бен жігіт есірткімен ұсталды

Петропавлда 20 жастағы қыз мен оның жігітінен 14 түйіншек наша тәркіленді. Ұнтақ түріндегі заттың «мефедрон» және α-PvP есірткісі екені анықталды. Ізтөлин көшесінде ұсталған екеу бірнеше жерге есірткі де жасырған. Олардың осындай қылмыс жасап жүргендерін полицейлерге біреу жасырын түрде telegram-бот арқылы хабарлаған. Аталған факті ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Әлеуметтік желіде жуырда іске қосылған байланыс арнасына келіп түскен тағы бір жедел ақпарат тексеріліп жатыр. Сондай-ақ, жүйенің көмегімен есірткі сату мен тарату қызметі ұсынылған веб-ресурстар жайлы 30 хабарлама қабылданып, олардың барлығы бұғаттауға жіберілген.

 

Мәдина Қаби