Қала әкімі тұрғындармен жүздесті. Серік Мұхамедиевтің халықпен кездесуі облыстық кітапханада өтті. Жиында әкімнен басқа
ТҮКШ бөлімі мен түрлі серіктестік өкілдері, құқық қорғау органдарының мамандары қатысты. “Баяғы жартас-сол жартас” демекші, азаматтардың көбін баспана мәселесі алаңдатады. Көпбалалы ана Жамал Какабаеваның тұңғыш қызы әкімдікте үй кезегіне тұрғанына 20 жылдан асқан. Айтуынша, кезек жылжыр емес.
ЖАМАЛ КАКАБАЕВА:
– Көпбалалы анамын 8 бала өсірдім. Бірнеше рет осы кезек бойынша сұрап келдім. Жылжымайды. Нақты жауап жоқ. Қызымның қолы тимегесін өзім келдім.
Жиында нәзікжандының пәтер кезегі туралы сұрағы тыңдалып, жауабы берілді.
– Ол – өзі жалғызбасты ана. 2 баласы бар.
– Кезекте нешінші болып тұр?
– 350 болған. Нақтысын білмедім.
– 350 болса алу керек.
Отбасы банкі қызметкерінің айтуынша әуелі есепшотқа бастапқы жарна ретінде баспана құнының 10 пайызын салу қажет. Содан кейін барып конкурсқа қатысуға мүмкіндігін иеленеді.
Валентина Новиженная – Болатбаев көшесіндегі 4-ші үйдегі меншік иелері бірлестігінің төрағасы. Оның сөзінше 5 қабатты үйдің шатыры әбден ескірген. Тұрғындар ортақ қоржынға ақша жинауға құлықсыз көрінеді, сол себепті қолдау сұрай келген.
– Крыша у нас вот в таком неприглядном состоянии, ужасно, конечно, валится уже все. Дом пятиэтажный, у нас 14 подъездов, большой дом. Все, что нужно, все ремонты мы сделали, что смогли, но ее ремонтировать уже бесполезно.
– В программе есть ремонт крыши?
Бұл мәселе де енді алдағы уақытта біржақты етіледі. Жалпы, бүгін қала әкімінің кездесуіне 30 адам тіркелген екен. Азаматтардың көбі баспана мәселесімен келген.
Гүлден Сембаева