СҚО әкімдігіТКШ

Облыс әкімі «Горгаз-сервис» серіктестігіне барды

«Горгаз-сервис» серіктестігі – облыс орталығында орналасқан маңызды ұйымдардың бірі. Компания тұрғындарды үздіксіз газбен қамтамасыз етеді. Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов бүгінгі күні газбен жабдықтау мәселесі ерекше назарда екенін айтты. Серіктестік директоры Олег Иванов бұл бағыттағы жұмыс тиісінше атқарылып жатыр дейді.

– На самом деле у нас небольшие объемы потребления. – У нас 63 тысячи? Это годовой объем по области, да? – Да. – А у вас какой объем проходит? – У нас 10 тысяч. – Всего? – Да, мы очень мало потребляем, доля потребления населения, несмотря на огромный социальный эффект, доля потребления населения в структуре поставок на внутренний рынок составляет не более 2%.

Аймақ басшысы Петропавлда газбен жабдықтауда туындаған проблемаға тоқталды. Естеріңізге сала кетейік, аязды күндері бірқатар үй көгілдір отынсыз қалған болатын. «Горгаз-сервис» серіктестігі директорының айтуынша, бұған бірнеше себеп бар. Олардың бірі – кристалл-гидрат тығындарының пайда болуы.

Олег ИВАНОВ, «Горгаз-сервис» ЖШС директоры:

– Біз кристалл-гидрат тығындарын жою бойынша жұмыстарды жүргіздік. Бөлшектедік, тазаладық. Олардың қай үйлерде пайда болғанын нақты білеміз. Апаттық қызмет келіп, барлық жағдайды қалыпқа келтірді. Бұл мәселе көптеген жылдар бойы бар. Яғни, қыс мезгілінде екі себеп пайда болады. Кристалл-гидрат тығындары мен сұйықтық, ал 3-ші себеп – қысымның төмендігі болып отыр.

Облыс әкімінің айтуынша, қазіргі таңда газ мәселесі реттелді, көгілдір отын әр үйде бар. Бұдан бөлек, Ғауез Нұрмұхамбетов апаттық-диспетчерлік қызметтің жұмысымен танысты. Қандай да бір мәселе орын алған жағдайда тұрғындар 104 нөмірі бойынша жүгіне алады. Сары аяз сақылдап тұрған күндері мамандар тәулігіне 30 өтінім қабылдапты.

Ирина РАДЧЕНКО, «Горгаз-сервис» ЖШС апаттық-диспетчерлік қызметінің диспетчері:

– Төтенше жағдайлар қызметі газдың ағып кетуін болдырмау үшін өтінімдерді қабылдап, қызмет етеді. Ал біз пәтерлерде, кіреберісте, аулаларда газдың иісі шықса шығамыз. Тиісінше көліктер шығады, рация бойынша байланыс жүреді, өтінімдердің барлығы тіркеледі, егер қандай да бір ажыратулар болса, әкімдік қызметіне беріледі.

«Горгаз-сервис» ЖШС-і барлығы – 758 үйге қызмет көрсетеді. Бұл – шамамен 56 мың абонент немесе 130 мыңға жуық адам.