Айқай-шу, ойын-күлкі, салдарынан ұйқы жоқ. Әдетте жалға берілетін пәтерлердің көршілері осылай деп жиі шағымданады. 12 желтоқсан күн қаладағы Назарбаев көшесіндегі баспана тұрғындарының да осы себептен тиыштары бұзылыпты. Айтуларынша көрші пәтерді жалға алған бір жігіт пен екі қыз сауық-сайран құрып, үйді бастарына көтерген. Мазалары қашқан тұрғын полиция шақыртыпты. Нәтижесінде пәтерді жалға алған 21 жастағы бойжеткенге әкімшілік хаттама толтырылды. Ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 437-бабы бойынша жауапкершілікке тартылып, кілт пәтер бюросына тапсырылды. Жалпы, жыл басынан бері облыста осындай 2 мыңға жуық жайт тіркелген.
Ақжүніс Мұқатай