Қоғам

Өңірге ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев келді

Өңірге ҚР Көлік министрі келді. Марат Қарабаевтың жұмыс сапары С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханадан басталды. Мұнда ведомство басшысы халықпен кездесіп, толғандырған сұрақтарына жауап берді. Ең бірінші сауал Петропавл қаласынан әуе рейстерінің аздығына қатысты болды.

ДИНАРА БИМЕНДИНА:

– Скажите, будет ли в следующем году дополнительные авиосообщения в такие города как Шымкент, Туркестан?

МАРАТ ҚАРАБАЕВ, ҚР Көлік министрі:

– Әзірге, бұл мәселені қарастырмаймыз. Астана мен Алматы коммерциялық тұрғыда тиімді. Шымкент пен Түркістанға қатынайтын адам санының аз болуына байланысты бұл бағыт тиімсіз дер едім. Рейс өзін-өзі ақтамайды. Бірақ, сұраныс артса, мәселені болашақта қарастыруға болады.

Жол мәселесі де тілге тиек етілді. Есіл ауданына қарасты Николаевка ауылынан арнайы келген Ринат Бекқожинның өкпесі қара қазандай. Олар Петропавл-Жезқазған бағытындағы трассаның жақын арада жөнделгенін қалайды.

РИНАТ БЕКҚОЖИН:

– Скажите, пожалуйста, когда отремонтируют наконец республиканскю трассу Петропавловск-Сергеевка-Новоишимское -Дружба?

Өңірдегі республикалық маңызы бар жолдардың ең ұзыны
359 шақырымды құрайды. Биыл Сергеевка мен Николаевка аралығындағы трасса жөнделді. Бұл – 52 километр. Халық енді Петропавлға дейінгі бөліктің тақтайдай тегіс болғанын қалайды. Қуанышымызға орай, болашақта ой-шұңқыр ұмытылады.

МАРАТ ҚАРАБАЕВ, ҚР Көлік министрі:

– Өңірге қомақты қаржы бөлінді. Мұндай ақша ешбір облысқа бағытталмағанын айту керек. Болашақта оң өзгеріс орын алады.

Тілшілерге берген сұхбатында Марат Қарабаев “Тальго” пойызының жүруіне қатысты өзгеріспен бөлісті.

МАРАТ ҚАРАБАЕВ, ҚР Көлік министрі:

– Келесі жылдан бастап Алматы мен Петропавл арасында жүретін болады. Ол пойыз жүрген еді. Жүктелуі небәрі 13 пайызды құрады. Яғни, экономикалық жағынан тиімді болмады.

Сұхбат барысында министр авиация саласына тағы тоқталды. Жазда Петропавлдан ұшатын адам саны артуы мүмкін.

МАРАТ ҚАРАБАЕВ, ҚР Көлік министрі:

– Түркістанға ұшу мәселесі көтерілді. Жазда оқушылар үшін қосымша рейс енгізуге тырысамыз.

Бүгінгі жиында қаузалған мәселелер алдағы уақытта түрлі деңгейде қарастырылады, деп уәде етті көлік министрі Марат Қарабаев.

 

Гүлден Сембаева