“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының мамандары Тәуелсіздік күні мерекесіне орай акция ұйымдастырды. Таңертеңнен бастап қызметкерлер алғаш рет жеке куәлік алған тұрғындарға кәдесый тарту етті. Дәстүрге айналған іс-шара жас ұрпақтың патриоттық сезімін оятуға бағытталған. Осы орайда айта кетейік, қараша айында ел бойынша бірінші рет жеке куәлік алғандардың көбі – Түркістан облысының жастары екен. Өңірде 550 дерек тіркелген. Ал Алматы мен Астанада жаңа куәлікке қол жеткізгендердің саны 500-ден аспайды.
Ақжүніс Мұқатай