Қоғам

Қайырымдылық шарасы

– Управление полиции проводит благотворительную акцию: мы посещаем многодетные семьи и, примите, пожалуйста от нас… 

Бірі – ұйымдастырушы, бірі – қолғанат. Петропавлда полицейлер мен “Жастар рухы” жастар қанатының мүшелері бірлесіп қайырымдылық акциясын өткізді. Шара көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларды қолдауға бағытталған. Ұйымдастырушылар әуелі Ойқала ықшам ауданындағы жанұяларды аралап шықты. Үйіне кіріп сырласты, мұқтаждықтарын білді, азық-түлік салынған пакеттерін берді.

БІРЖАН ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ:

– “Жастар рухы” ЖҚ СҚОФ төрағасы “”Зорлық-зомбылыққа қарсы” акциясы аясында көпбалалы және қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсету мақсатында қажетті азық-түлік әкеліп, 2 отбасыға көмек көрсеттік. Осындай отбасылардың жағдайын біле отыра оларға біз үнемі қолдау көрсетіп отырамыз.

5-ші Сенная қысқа көшесінде тұратын мына отбасында 5 бала тәрбиеленіп жатыр. Үлкені 17-де, кенжесі 3 жаста. Мамандар бұл үйдің жандарын да назардан тыс қалдырған жоқ.