Қоғам

Әскерилер марапатталды

Бүгін қалалық мәдениет үйі қабырғасында Ұлттық ұланның 6637 әскери бөлімінің ұйымдастыруымен арнайы жиын өтті. Еліміздің тұмары Тәуелсіздік күнінің шеңберінде ұйымдастырылған шараның шымылдығын “Тұмар” би ансамблінің бұрымдылары би қойылымымен ашты.

Антына адал, сертіне берік жандар. Әскери азаматтарды бөлім командирі Ғалымжан Кебаев мерекемен құттықтады. Әрі қарай салтанатты шараның кезегі марапаттау сәтіне ұласты. Айта кетейік, қазір 6637 әскери бөлімінде 300-ге жуық сарбаз борышын өтеуде. Бүгін солардың бір бөлігінің еңбегі еленіп, құрметке бөленді. Ринат Балабекұлы – Қызылорада облысындағы Қармақшы ауданының тумасы. 20 жастағы тепсе темір үзер санаулы күннен кейін туған жеріне оралады.

РИНАТ БАЛАБЕКҰЛЫ, ҚР ҰҰ 6637 бөлімінің мерзімді әскери қызметшісі:

– Мен Петропавлдағы түзету мекемесінде қызметімді атқарып жатырмын. Өзім жақын арада аман-есен үйге қайтамын. Мен бұл жолда көптеген жан достар таптым. Осындағы командир, офицерлердің арқасында осындай нәтижеге жетіп отырмын.

Бүгін сарбаздар алғыс хат иеленіп, атқарған адал еңбектері үшін грамоталармен марапатталды. Шара әрі қарай концерттік бағдарламамен жалғасты.

 

Ақжүніс Мұқатай