Құқық қорғау органдары

«Мегакам.Қорғау» мобильдік қосымшасының пайдасы бар ма?

«Мегакам.Қорғау» мобильдік қосымшасын жергілікті полицейлердің пайдаланып жатқандарына 1 жылдан асты. Жүйе олардың планшеттеріне жүктелген. Қосымша жол ережесін бұзған жүргізуші, қандай да бір қылмыстық оқиғаға қатысы бар және иесі басқару құқығынан айырылған көліктің нөмірін автоматты түрде тіркейді. Мамандар өткен жылдан бері осы заманауи технологияның көмегімен әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысы бар 2 жарым мыңға жуық көлікті анықтаған.

АИДА БИМЕНДИНА, СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының технигі:

– 2022 жылғы 16 қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін сомасы 20 млн теңгеден астам теңгеге әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 2366 бірлік көлік құралы анықталды. Олардың ішінде міндетті сақтандыру полисінсіз көлік жүргізген 78 жүргізуші, бұрын басқару құқығынан айырылған 9 жүргізуші, көлік құралын басқару құқығы жоқ 17 жүргізуші анықталды.

 

Гүлден Сембаева